2023 жылдың 31 қаңтарында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің базасында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы облыстық кәсіби конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және ТжКОББ жүйесі бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.
Конкурстың салтанатты ашылуында Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің директоры Цай Дмитрий Владимирович сөз сөйлеп, конкурсанттарға сәттілік тіледі.
Байқауға Қарағанды облысы ТжКОББ ұйымдарының 4 колледжінің педагогтері қатысты.
Байқау төрт модульден тұрды. Байқау барысында педагогтер өздерінің теориялық білімдерін көрсетті, манекенде бояумен әйелдердің коммерциялық шаштарын қиды, тірі модельде клиенттің тілектерін қолдана отырып, классикалық шаштарын жасады. Сонымен қатар, белгілі бір көрініс үшін әйелдер жиналған шаш үлгісін көрсетті.
Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы сыни тұрғыдан бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Силина Лидия Ханыбековна, «Сервис» колледжі» ЖММ;
2 орын - Абдряхимова Альфия Мянсуровна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ;
3 орын - Жактаева Әсел Негметжанқызы, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КМҚК.
Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының сертификаттарымен марапатталды.