2016 жылдың 12 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат"тақырыбында облыстық жобаның байқау қорытындысы өтті. Іс-шара Қарағанды қаласының №38 Гимназиясының базасында өтті және байқауға аудан, қала мектептерінен 12 топ қатысты.
Жоба аясында мұғалімдер мен оқушылар бірігіп Google карта арқылы панорама түрінде, тарих, география, информатика пәндерімен сабақтаса отырып, әр түрлі тақырыпта тарихи, танымал, маңызды объектілерді таныстырды.
Байқау қорытындысы бойынша: І орын Қарағанды қаласының №9 Гимназиясы ( оқушылары Кумзина Виолетта, Нуралин Тамерлан, Петров Артем, Епанишникова Кристин, Лобадинский Андрей, Санчаева Сабина, Шептунова Елизавета. Жетекшілері Ратникова Татьяна Александровна, Волынская Оксана Станиславовна), ІІ орынды №38 Гимназиясы (оқушылары Нам Никита, Мисюрин Сергей, Киберча Анастасия, Золотарева Ангелина, Сулейменова Анастасия, Германова Алена, Киселев Кирилл. Жетекшілері Мисюрина Наталья Михайловна, Золотарева Яна Александровна, Абилдаева Айганым, Кельмагамбетова Ермек Кобегеновна), ІІІ орынды өзара бөлісті №25 орта мектеп (оқушылары Ким Вероника, Тюнис Егор, Биль Анастасия, Колесников Максим. Жетекшілері Смолянова Ирина Юрьевна, Петрова Татьяна Алексанровна) №18 орта мектеп (оқушылары Нурпанов Мади, Рахымжан Асем. Жетекшісі Турусбекова Асель Халидовна) иеленді. Сонымен қатар Қарағанды қаласының №12, Сарань қаласының №1 орта мектептерптері «Зерттеушілер командасы», Қарағанды қаласының №1 Гимназиясы «Креативті команда» атты номинациясы бойынша мадақтамаға ие болды.