8-10 сынып оқушыларына арналған «Электронды темекінің зияны» тақырыбында вебинар
2023 жылғы 03 ақпанында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және Қарағанды облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкілділігі бірігіп, құқықтық сауаттылық апталығы аясында жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушылары үшін «Электронды темекінің зияны» тақырыбында вебинар өткізді.
Вебинар спикері: Жунусова Зарина, Қарағанды облысының Бала құқықтары жөніндегі уәкілділігінің жанындағы жастар кеңесінің мүшесі, Бұқар-Жырау ауданының «Белағаш ОМ» КММ 11 сынып оқушысы.
Вебинар барысында оқушылар электронды темекінің құрамын біліп, темекі шегудің себептері мен салдарын талқылады.
Вебинарға 18 мыңға жуық оқушы қатысып, 329 мектеп қамтылды.