Размер шрифта:
Аттестатталушы педагогтерге арналған оқыту семинарлары
07-02-2023 10:25
Аттестатталушы педагогтерге арналған оқыту семинарлары

      2023 жылдың  07 ақпанында оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды облысының арнайы және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне  аттестаттаудың жаңа қағидалары бойынша оқыту семинарларын өткізді.

Оқыту семинары барысында оқу-әдістемелік орталықтың спикерлері бөлім меңгерушісі А.З.Мухамедьярова және әдіскер А.Х.Қалмағамбетова педагогтерді аттестаттаудан өту кезеңдері, портфолионы бағалау критерийлері, біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру, 30 және одан да көп жылдық педагогикалық өтілі бар педагогтерді аттестаттау тәртібі бойынша түсіндірді.

Семинар соңында педагогтер тақырыпқа қатысты сұрақтарын қойды. Іс-шараға 340 педагог қамтылды.

Семинарлар сондай-ақ облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалғастырылады.