Размер шрифта:
Сандық ресурстарды пайдалану тиімділігі
07-02-2023 11:56
Сандық ресурстарды пайдалану тиімділігі

      2023 жылдың 7 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен және «Алматыкітап баспасы» тренинг орталығымен «Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі» КММ базасында семинар өткізілді.

Семинарға барлығы Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарынан 150 директор және директор орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында «Алматыкітап баспасы» тренинг орталығының жетекшісі Құдайберген Гүлнұр Серікқызы «TopIQ.kz» платформасындағы цифрлық оқулықтар бойынша толық ақпарат берді. Аталған платформада оқушылардың әртүрлі интерактивті тапсырмаларды орындай алу, бейне және аудио деректер базасын пайдалана алу мүмкіндіктері көрсетілді.

Апробация нәтижесі бойынша Қарағанды қаласының «Шәкәрім атындағы гимназия» КММ директорының орынбасары Зиновьева Людмила Дмитриевна және бастауыш сынып мұғалімі  Мартемьянова Елена Николаевна өз тәжірибелерімен бөлісіп, платформаның мүмкіндіктері туралы айтып өтті.

«TopIQ.kz» платформасының жұмысы туралы пікір алмасу нәтижесінде облыс педагогтері баспа оқулықтарымен қатар цифрлық оқулықтарды қолданған кезде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы және білім сапасының артатындығы туралы  атап өтті, өйткені олар ХХІ ғасыр дағдыларының ажырамас бөлігі болып табылатын интерактивті жұмыс түрлерін белсенді пайдалана алады.