Ресурстық орталықтар (Тірек мектептері) және шағын жинақты мектептер директорларына, директорлардың орынбасарларына арналған әдістемелік күн
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 08 ақпан күні онлайн режимінде Ресурстық орталықтар (Тірек мектептері) және шағын жинақты мектептер директорлары, директорлардың орынбасарлары үшін әдістемелік күн өткізді.
Әдістемелік күн барысында келесі сұрақтар талқыланды:
- Білім саласындағы проблемалық сұрақтар. Білім сапасын бағалау жүйесін жетілдіру.
- Педагогтерді аттестаттаудың Ережесі.
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» өңірлік олимпиадасының талдауы және «Логика күнін» өткізу барысы туралы.
Әдістемелік күнге қатысушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша жауаптар алды.
Өткізілген шараға 210 педагог қатысты.