«Цифрлық әлем» компьютерлік және ақпараттық сауатылық аясында «Lesson study технологиясын мұғалімнің тәжірибесіне енгізу» тақырыбында оқыту семинары
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 9 ақпанында «Цифрлық әлем» компьютерлік және ақпараттық сауатылық аясында Lesson Study және Action Research технологиясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында оқыту семинарын өткізді.
Семинар келесі тақырыптар бойынша мәселелер талқыланды:
- «Lesson study технологиясын мұғалімнің тәжірибесіне енгізу» - Какенбекова Анел Асылановна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу – әдістемелік орталығы» КМҚК әдіскері;
- «Lesson Study сабағын зерттеу алгоритмі және Action Reserech әдісін қолдану» - Омаров Сәтжан Кәрібайұлы, Қарағанды қаласы «М.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназия» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;
- «Lesson Study: қолдану теориясы мен практикасы» - Турсунбаева Дина Жолаушиевна, Қарағанды қаласы «№97 гимназия» КММ информатика пәні мұғалімі.
Семинарға 102-ден астам мұғалім қатысып,білімдерін толықтырып, тәжірибе жинап сұрақтарына жауап алды.