2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасының инклюзивті білім беру бөлігін жүзеге асыру
16.02.2016 ж. Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік білім беру бағдарламасының инклюзивті білім беру бөлігін жүзеге асыру мақсатында стажер алаңдарының қызметтерін ұйымдастыру мәселелері бойынша семинар өтті.
Семинарға білім бөлімдерінің инклюзивті білім беруге сүйемел көрсететін әдіскерлері және Қарағанды облысы стажер алаңдарының басшылары, Қарағанды қаласының №27 ЖББОМ қарауындағы Ресурстық орталық өкілдері қатысты.
Ресурстық орталықтың жалпы білім беру үрдісіне балаларды қосу тәжірибесінде диалогтық алаң режимінде инклюзивті мектептегі білім алу үрдісінің субъектілеріне психологиялық-педагогикалық сүйемел көрсету мәселелері қарастырылды.
Ерекше көңіл мұғалімдер мен мамандардың инклюзивті тәжірибедегі кәсіби біліктіліктері мен функционалдық міндеттеріне қойылған талаптарға бөлінді.