Размер шрифта:
2016 жылдың 16 ақпанында Қарағанды гуманитарлық колледжі базасында информатика пәндері оқытушыларының «Информатика пәнін оқытудағы қазіргі педагогикалық технологиялар» тақырыбындағы облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
16-02-2016 06:56

    Отырыстан бұрын қатысушылар қолданбалы - дикоративті көрмемен танысты.

    Отырысты алғысөзбен Қарағанды гуманитарлық колледжі директорының орынбасары  Джуманкулова Самал Досынбековна ашты.

    Отырыс аясында Қарағанды гуманитарлық колледжінің оқытушысы Куркин Александр Михайлович «Анимация, дыбыстық эффекті мен видео және оны қосу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

     Ашық сабақтар легін «Слайдтарды безендіру. Жан бітіруді баптау. Көрмелерді көрсету» тақырыбындағы сабақпен Исполова Айгуль Магауовна жалғады.

     Тәжірибе алмасу мақсатында, әдістемелік бірлестік жетекшісі  Кибалюк Наталья Михайловна қатысушылар назарына «Жалпы пәндер жүйесінде компьютерлік технологияларды қолдану» тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.

    Отырыс жоғары педагогикалық және ұйымдастырушылық деңгейде өтті.