Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған облыстық форум
27-02-2023 13:46
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған облыстық форум

    2023 жыл 27 ақпан Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Зияткер» ММЛ ұйымдастыруымен ғалым, ақын, фольклоршы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдық мерейтойына арналған «Мәшһүр Жүсіп мұрасы»  облыстық форумы өткізілді.

Форум аясында  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, физика, математика, тарих, музыка пәндерінің мұғалімдері тәжірибелерімен бөлісті.

Бірінші бөлімде «Құндылықтарға негізделген білім беру» айдарымен ғылыми жұмыстар галереясы көрсетілді, екінші, үшінші бөлімдерде шеберлік сағаттары, дебат ойындары, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің кіріктірілген сыныптан тыс сабағы, зертханалық сабақ, кәсіби бағдар беру мақсатындағы тренинг, музей сабағы, театр сабақтары берілді.

Төртінші бөлімде пленарлық отырыс өткізілді. Пленарлық бөлімге Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Кәрім Нұрдос  Маратұлы, қалалық тарихи өлкетану мұражайының директоры, тарихшы, археолог Қожақов Дәулет Асанханұлы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, Ерен Еңбегі медалінің иегері, әдіскер-ұстаз Елеубекова Әлия Зиядақызы, гуманитарлық ғылымдар магистрі, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы; облыстық дебат қозғалысының үйлестірушісі Түсіпбек Қуаныш Есімханұлы, гуманитарлық ғылымдар магистрі Аймагамбетова Амина Амерхановна, «Қазақмыс» корпорациясы политехникалық колледжінің аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Болат Елдос Өмірбекұлы   қатысып, мазмұнды баяндамалар жасап, өз ұсыныстарын берді.

Форумның бесінші бөлімі әдеби-сазды кешпен жалғасып, мектеп оқушылары өнерлерін көрсетті.

Форумды қорытындылау барысында келген қонақтар мен өз тәжірибелерімен бөліскен «Зияткер» ММЛ мұғалімдері арасында ашық диалог жүргізіліп, кері байланыс жасалды.