Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша ата-аналарға арналған вебинарлар
2023 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Балалар мен жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлқы: белгілері, себептері және жалпы білім беретін ұйымдардың 7-10 сынып оқушыларының ата-аналарына қазақ және орыс тілдерінде ата-ана көмегі мен қолдаудың нысандары» тақырыптарында вебинар өткізді.
Вебинар спикерлері: Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Қарағанды облысы бойынша филиалының аға оқытушылары Какенова Дидар Бериковна, Хасенова Гульнар Омерзаковна.
Вебинар барысында жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтын алдын-алу мәселелері талқыланды.