2023 жылдың 1 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Қалыптастырушы бағалау және нәтижелі кері байланыс беру» тақырыбында жас мамандарға арналған нетворкинг өткізілді.
Мақсаты: Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын ұйымдастыру мен нәтижелі кері байланыс беру жолдарын тәжірибе алмасу арқылы меңгерту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Жаңартылған білім беру мазмұнындағы қалыптастырушы бағалаудың, оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланыстың тиімділігін жан-жақты көрсететін және оқу мақсаты негізінде жасалған бағалау критерийлеріне сай тапсырмалар мен дескрипторлар құрастырудың түрлі әдістерін ұсынып, әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы семинарда Балқаш қаласы білім бөлімінің «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Уәлиева Ә.М. «Қалыптастырушы бағалау және нәтижелі кері байланыс» тақырыбында, Нұра ауданы «Қараой жалпы білім беретін мектебінің» қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Пшембаева З.У. «Сабақта тиімді кері байланыс ұйымдастырудың техникалары» тақырыбындағы шеберлік сабақтарымен бөлісті. Семинар соңында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ассоциациясының төрағасы, «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубекова Қ.Т. «Рефлексия – оқу үдерісін жетілдіру құралы» тақырыбында әдістемелік таныстырылым жасады.
Шараға облыс бойынша 50-ге жуық жас педагогтер қатысты.