Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 01 наурызда «Зейін» жобасы аясында «Мәтінмен жұмыс істеудің тиімді әдістері-оқу сауаттылығын дамытудың негізі» тақырыбында шеберлік сыныптарын өткізді. Шеберлік сыныптар жұмысына Қарағанды облысының 90 орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. Шеберлік сыныпта келесі мәселелер қаралды:
орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінге дейінгі жұмыстың тиімді әдістері, Жетенова Айгуль Тулеубековна, Теміртау қ. «№17 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Мәтін оқу сауаттылығын қалыптастыру және жетілдіру құралы ретінде. Мәтіндік кезең, Присяжнюк Елена Васильевна, Осакаров ауданы «Абай атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі.
Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында мәтінмен жұмыс істеудің тиімді стратегиялары. Мәтіннен кейінгі кезең, Абдиева Айгуль Тултаевна, Шахтинск қ. «№2 ЖББМ» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Берілген шеберлік сыныптардың практикалық бағыты болды, бұл қатысушыларға академиялық және оқу сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды шешуге және құрастыруға мүмкіндік берді.