8-10 сынып оқушыларына арналған «Мектепте буллингке жол жоқ!»
2023 жылдың 09 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілдігі бірлесіп, жалпы білім беру ұйымдарының 8-10 сынып оқушыларына қазақ тілінде облыстық вебинар өткізді.
Вебинар спикері: Айгерим Аманжолова, Қарағанды облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілділгі жанындағы жастар кеңесінің мүшесі, Бұқар-Жырау ауданының «Ростовка тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ 10 сынып оқушысы.
Вебинар барысында оқушылар «буллинг» ұғымымен танысып, оның себептері мен заңды жауапкершілігі туралы білді.
Вебинарға 12 мыңға жуық оқушы қатысып, 241 мектеп қамтылды.