2023 жылдың 10 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, Қарағанды облысының информатика мұғалімдері қауымдастығының мүшелерімен бірлесіп с формативті бағалаудың әдістерімен бөлісу мақсатында «Информатика» педагогтеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Оқыту семинары барысында келесі тақырыптар қарастырылды:
- «Информатика сабақтарында формативті бағалау» - Какенбекова Анел Асылановна, «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы" КМК әдіскері;
- «Формативное оценивание, как фактор повышения качества знания учащихся» - Касаинова Мейрамгуль Кайратовна, Осакаров ауданының «№ 28 жалпы білім беретін мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі;
- «Информатика сабақтарында қалыптастырушы бағалау элементтері» - Черниязова Айпатча Бозоровна, Приозерск қаласы «№2 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ информатика мұғалімі;
- «Сабақтағы қалыптастырушы бағалаудың өзектілігі» - Тагыбаева Арайлым Бахытовна, Приозерск қаласы «№2 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ информатика пәнінің мұғалімі.