Размер шрифта:
«Жас іс-қағаздарын жүргізушілер» мектебі ашылды.
27-10-2014 05:03
«Жас іс-қағаздарын жүргізушілер» мектебі ашылды.

       Білім беру мекемелеріндегі іс қағаздарын жүргізуші мамандарға мемлекеттік тілде құжат құрастырудың маңызы және ерекшеліктері туралы білімдерін практикамен ұстастыра отырып, мектепішілік құжаттарды сауатты жүргізудің бірізге түсуіне ықпал ету мақсатында «Жас іс-қағаздарын жүргізушілер» мектебі ашылды.

       Аталған мектеп өз жұмысын 9-қазанда бастады. Ал екінші топ тыңдаушылары 23-24 қазан аралығында курстан өтті. Үш айға жоспарланған курс барысында іс-қағаздарын жүргізушілер нормативтік құжаттармен жұмыс жасай отырып, мектепішілік құжаттардың сауатты және дұрыс ресімделуін үйренеді. Абай, Ақтоғай, Осакаровка, Шет, Қарқаралы және Қаражал қаласынан  барлығы -51 адам қатысты.