Размер шрифта:
«Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық технологиялар»
28-03-2023 17:55
«Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық технологиялар»

    2023 жылдың 28 наурызында онлайн режимде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында «Мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық технологиялар» тақырыбында XI ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының директоры Абдикерова Бакиткүл Химальдинқызы, Қарағанды облысының білім басқармасы басшысының кеңесшісі, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясының корреспондент мүшесі, профессор, т.ғ.к. Контаев Сабит Сеитович, ББД ОӘО директорының орынбасары Суртубаева Диана Алматовна ашып, қатысушыларға өз сөзін арнады.

   Конференция барысында Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі білім берудегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар мәселелері бойынша Қарағанды облысындағы мектепке дейінгі білім берудің мәселелері мен перспективалары туралы өзекті мәселелер қаралды. Пленарлық отырыста Шахтинск қаласы, Шет ауданы білім бөлімдері әдіскерлерінің, Саран, Балқаш және Бұқар жырау ауданы педагогтерінің баяндамалары тыңдалып, талқыланды. Барлық баяндамалар қызықты және өзекті болды.

   Пленарлық отырыстың жұмысы іскерлік, кәсіби тұрғыда өткенін айта кеткен жөн. Конференция жұмысында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан 500-ден аса педагог қатысты.

   Педагогтер конференция жұмысын жоғарғы деңгейде бағалады. Іс-шараға қатыса отырып, облыстық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтері нақты жұмыс тәжірибесін алып, білім қоржынын толықтырды.