18 ақпанда арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлерінің «Дәнекерлеу ісі» бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
2016 жылдың 18 ақпанында Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінде «Арнайы пәндерді оқытудың мазмұны мен мәселелер» тақырыбында арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлерінің облыстық бірлестігінің отырысы өтті.
Отырыс Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің директоры Г.И. Ивченко мен ҚО ББД ОӘО техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері Т.Н. Нартованың алғысөзімен басталды. Мұнан кейін сөз тізгінін аталған бағыт бойынша арнайы пәндер оқытушылары мен оқу өндірістік шеберлерінің облыстық бірлестігінің жетекшісі Г.Е. Михайлова болды.
Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Е.М. Квитко қатысуышлар назарына «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша интерактивті оқу әдістері тақырыбындағы баяндамасын ұсынды.
Сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында төмендегідей баяндамалар тыңдалды:
· «Зертханалық – тәжірибелік жұмыстар кәсіби құзіреттілікті дамытудың шарты ретінде» – Н.Ю. Головко Теміртау кәсіби-техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы.
· «WorldSkills – кәсіби шеберлік байқауы аясында, студенттердің байқауға қатысуын ұйымдастыру» – О.Л. Кастальский Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары.
Оқытушылардың кәсіби шеберлігін көтеру мотивациясы жөніндегі ақпаратты Қарағанды тау-кен-индустриалдық колледжінің оқытушысы Б.Ш. Джанабекова ұсынды.
Іс-шара жоғары ұйымдастырушылық және педагогикалық дәрежеде өтті.