2023 жылдың 28 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы онлайн форматта математика және физика оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында Абай Құнанбаев атындағы Саран Жоғары гуманитарлық-техникалық колледжімен бірлесіп «Математика және физика пәндерінің өзара байланысын интеграциялау» тақырыбында оқытушылар мен студенттердің облыстық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.
Конференцияның мақсаты - білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыру, математика және физика пәндері бойынша оқыту сапасын арттыру үшін жағдайлар жасау.
Конференция қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Конференцияға Қарағанды облысының ТжКББ ұйымдарының 30-дан астам оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференция барысында қатысушылар математика мен физиканың интеграциясын студенттердің танымдық белсенділігін арттыру құралы ретінде қолданудың әдістемелік аспектілері, интеграцияланған математика және физика сабақтарын өткізудегі инновациялық педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктері мен тиімділігі, математика мен физиканы интеграциялаудың мәселелері және оларды шешу жолдары жолдары, физика мен математика пәнін интеграциялау студенттердің көзімен бағыттары бойынша өзекті мәселелерді талқылады.