Размер шрифта:
«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша педагогтер арасындағы облыстық кәсіби шеберлік байқауы
30-03-2023 19:52
«Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру» мамандығы бойынша педагогтер арасындағы  облыстық кәсіби шеберлік байқауы

      2023 жылдың 30  наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы   Қарағанды теміржол   колледжімен бірлесіп «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты ұйымдастыру»  мамандығы бойынша техникалық  және кәсіптік,  орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының  оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасында   облыстық кәсіби шеберлік байқауынөткізді.

     Байқаудың мақсаты инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату және ТжКОББ жүйесінің арнайы пәндер оқытушыларының және өндірістік оқыту шеберлерінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін арттыру болып табылады.

    Байқау бірнеше кезеңде өтті, олардың әрқайсысында қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, сондай-ақ кәсіби дағдыларын көрсетті.

    Байқауға 6 педагог қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын – Арынғазы Гүлнәр, «Қарағанды теміржол колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері;

2 орын – Адыканова Ляззат Жаксыбековна, «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы;

3 орын - Байдилдаев Жанболат Нургалиевич,  «Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі» КМҚКарнайы пәндер оқытушысы

Қатысушылар  Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен және сертификаттарымен марапатталды.