«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша өзекті мәселелер, жетістіктер және инновациялар» тақырыбындағы облыстық семинар
24-03-2023 20:07
«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша өзекті мәселелер, жетістіктер және инновациялар» тақырыбындағы облыстық семинар

2023 жылдың 24 наурызында Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжімен бірлесіп «Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар» бағыты бойынша өзекті мәселелер, жетістіктер мен жаңалықтар» тақырыбында семинар өткізді.

Спикерлер ретінде  шақырылғандар:

«Байланыс, телекоммуникация және ақпараттық желілер мамандарын даярлаудың өзекті мәселелері»  тақырыбында баяндама жасаған  «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»  КМҚК  «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі Бейімбет Мақсұтұлы Елеукин;

«Зертханалық жұмыста Electronics WorkBench виртуалды зертханасын пайдалану» тақырыбында сөз сөйлеген Марина Николаевна Пархоменко, «Қарағанды индустриалды университеті» КЕАҚ техникалық-экономикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы;

«Қазақстан Республикасындағы 5G технологиясына көшудің мәселелері мен келешегі» тақырыбында сөз сөйлеген «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пәндер оқытушысы Биназир Исламовна Илбишева;

«Білім берудегі жасанды интеллект» тақырыбында баяндама жасаған «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК арнайы пән оқытушысы Гауһар Жанапияқызы Шалғанбай;

 «Бағдарламалауда оқуды және жетістіктерді ынталандыру үшін ТжКБ ұйымдарының білім беру үдерісіне білім беру платформаларын интеграциялау» тақырыбында сөз  Светлана Владимировна Абдрахманова, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ арнайы пәндер оқытушысы.

Семинар соңында мұғалімдер пікір алмасып, түйткілді мәселелерді шешетін диалог алаңы ұйымдастырылды.

Облыстың 35 мұғалімі қамтылды.