Размер шрифта:
«Жас маман» бағдарламасымен жаңа жабдықтар бойынша демонстрациялық оқыту семинары
30-03-2023 20:44
«Жас маман» бағдарламасымен жаңа жабдықтар бойынша демонстрациялық оқыту семинары

     2023 жылдың 30 наурызда «Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында Қарағанды технология және сервис колледжі базасында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының үйлестіруімен «Жас маман» бағдарламасымен жаңа жабдықтар бойынша демонстрациялық-оқыту семинары өтті.

Семинардың мақсаты - нарықтық экономика жағдайында студенттерді оқыту үшін заманауи жабдықтардың қолданылуын көрсету.

Семинарға Қарағанды облысы ТжКББ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Семинарда спикер ретінде сөз сөйлеу үшін «Ютария ltd «ПИК» ЖШС Оқу орталығының директоры Шолпан Шәмшіқызы Әбілдина шақырылды, ол «Tajima» кесте тігу машинасы туралы ақпаратты ұсынды.

Сонымен қатар, семинарда Қарағанды технология және сервис колледжінің педагогтары баяндама жасап, трикотаж маталар мен көрпе жұмыстарына арналған жаңа жабдықтарда, шаттл тігісінің жоғары жылдамдықты бір жіпті машиналарында мастер-класс өткізді.

 Семинар соңында қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға өз тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыстарын білдірді.