Жас педагогтерге арналған нетворкинг
31-03-2023 15:55
Жас педагогтерге арналған нетворкинг

       2023 жылдың 31 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық Ассоциациясының ұйымдастыруымен «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбында жас мамандарға арналған нетворкинг өткізілді.

Мақсаты: Орта білім мазмұнын жаңарту аясында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері мен әдістерін тәжірибе алмасу арқылы меңгерту,  педагогтердің кәсіби құзіреттілігін арттыру, әдістемелік көмек көрсету.

Нетворкинг барысында үлгерімі төмен оқушыға көрсетілетін  қолдау, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлері мен әдістері туралы әдіскер Жаркеева Г.Б., Қарағанды қаласы «Шәкәрім атындағы гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кубекова К.Т., Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№ 36 жалпы білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Қасым Г.М. теориялық және практикаға бағытталған шеберлік сағатын беріп, тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға облыс бойынша 70-ке жуық жас педагогтер қатысты.