«ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ ДІНТАНУ НЕГІЗДЕРІ» курсының авторларымен дөңгелек үстел өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 9 шілдедегі № 448 «Негізгі орта білім деңгейіндегі 9-сыныпқа арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының оқу бағдарламаларын және оқулықтарын сынақтан өткізу туралы» бұйрығына сәйкес 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қарағанды облысының 2 мектебінде (Қарағанды қ, №38 гимназия, Қарқаралы ауданы №1 ОМ) 9 сыныпқа арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсының бағдарламасы мен оқулығы сараптамадан өткізіліп жатыр.
Қарағанды облыстық білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 19-ақпанында сараптамадан өткізіп жатқан мектептердің ұстаздарымен «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулығының авторлары: Д. Кенжетай, Г.Новикова, А.Сайлыбаев және дін істер басқармасының бөлім басшысы - С.Тлекбаев, Конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығының мониторинг, талдау және сараптама орталығының директоры – Т.Қайратұлының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Сараптамадан өткізіп жатқан мектеп мұғалімдері оқулықта толықтыруды қажет ететін тақырыптарды айта отырып, өз ұсынастары мен пікірлерін білдірді.