Размер шрифта:
Жас педагог-психологтарға арналған семинар-практикум
06-04-2023 09:53
Жас педагог-психологтарға арналған семинар-практикум

      2023 жылдың 06 сәуірінде оқу-әдістемелік орталығының «JAŃASHYL USTAZ» жас педагогтер зертханасында Абай ауданы мен Саран, Шахтинск, Теміртау, Қарағанды қалаларының жалпы білім беру ұйымдарының жас педагог-психологтары үшін «Педагогтердің кәсіби эмоционалды құлдырауының алдын алу» тақырыбында семинар-практикум өткізді.

          Семинар-практикумды Қарағанды қаласының педагог-психологтары Е.В. Кузнецова, «Қ. Сәтбаев атындағы гимназия» КММ,  К. С. Магавьянова «№86 жалпы білім беретін мектеп» КММ өткізді.

          Командалық жұмыс барысында жас педагогтер кәсіби эмоционалды құлдыраудың белгілерімен танысып, диагностикалық тестен өтіп, мәселені шешу бойынша болжамдар жасады.