Әдістемелік кабинет меңгерушілеріне, білім бөлімінің әдіскерлеріне арналған әдістемелік күн
2023 жылдың 14 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері үшін әдістемелік күн өткізді. Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:
- Қазақстан Республикасының 2023 – 2029 жылдарға арналған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту тұжырымдамасы;
- «Директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарының қызметіндегі басқару функцияларын іске асыру» тақырыбындағы оқыту курсы туралы;
- «Жасыл Қазақстан» экологиялық сауаттылық апталығын өткізу туралы;
- Балалар қауіпсіздігі бойынша жаттықтырушыларының жұмыс тәжірибесін жинақтау бойынша семинарлары туралы;
- Қарағанды облысының педагог қызметкерлерінің облыстық жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференциясы.
Қарағанды облысының білім бөлімдерінің 78 әдіскері қатысты.