2023 жылы 18 сәуірде Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде семинар өткізді.
Семинарда «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп – лицей» КММ-нің пән мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды. Семинар барысында география пәні мұғалімі Баянхан Береке «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда цифрлық технологиялар мүмкіндіктерін қолданудың маңызы» тақырыбында жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар мамандандырылған – лицейдің жас маманы, география пәні мұғалімі Шакасимов Ахмад Алишерович «Использование платформы seterra и mapchat на уроках географии» тақырыбы аясында онлайн платформалардың көмегімен карталарды әзірлеу немесе дайын карталар негізінде құрастырылатын тапсырмалардың түрлерімен таныстырды. Семинар қатысушыларының саны 89 адамды құрады.