Размер шрифта:
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы
18-04-2023 11:33
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы

      2023 жылдың 18 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында «Сырлау және декоративті  жұмыстар», «Плиткамен қаптау», «Кірпіш қалау», «Өнеркәсіптік дизайн», «Сантехника және жылыту», «Электрмонтаждық жұмыстар», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Іс-шараның құрметті қонағы WorldSkills Kazakhstan Ұлттық чемпионатының Қарағанды облысынан техникалық делегаты, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директоры Салтанат Ермекқызы Ақбергенова болды.

Облыстың 15 колледжінен 31 студентқатысатын болады.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту және еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі, жұмыс орнын дайындау өткізілді.