Размер шрифта:
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы
18-04-2023 12:38
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылуы

      2023 жылдың 18 сәуірінде Қарағанды көлік-техникалық колледжінің базасында "Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету", «Шанақты жөндеу", "Автосырлау" құзіреттіліктері бойынша Worldskills Karaganda-2023 өңірлік чемпионатының ашылуы өтті.

Қарағанды облысынан «WorldSkills Kazakhstan» Ұлттық чемпионатының техникалық делегаты "Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі" КММ директорының орынбсары Аян Амантайұлы Түсіпбеков іс-шараның құрметті қонағы болды.

Чемпионатқа облыстың 20 колледжінен 34 үміткер қатысады. 

Бағдарламаға сәйкес, қатысушылар арасында жеребе және еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама, сондай-ақ сарапшының құзыреттілігіне тест, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі, жұмыс орнын дайындау, тулбокстарды тексеру өткізілді.