2016 жылдың 22 ақпанында Теміртау техникалық колледжінде «Қорытынды аттестация. Оқу орынын бітіруші жұмысының орындалуының және рәсімделуінің бірізділігі» тақырыбында директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
ҚО ББД ОӘО әдіскері Нартова Татьяна Георгиевна отырыс модераторы қызметін атқарды.
Отырысты алғысөзбен Теміртау техникалық колледжінің директоры Балабеков Рашат Керімбаевич ашты.
Облыстық әдістемелік бірлестік жетекшісі, Теміртау техникалық колледжі директорының орынбасары Р.А. Ержанов қатысушылар назарына жоғары дәрежедегі мамандықты бітіруші түлектердің қорытынды аттестациясы мен оны ұйымдастыру жайлы әдістемелік ұсыныстар жобасын ұсынды. Теміртау техникалық колледжі директорының кәсіби оқу бойынша орынбасары З.У. Исина дипломдық жұмысты орындау бойынша әдістемелік ұсыныстарды талқылап, талдау жасады. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылдың 23 қазанындағы бұйрығына сәйкес, оқу өндірістік журналын толтыру ережесі бойынша талданды.
Отырыс соңында колледждің оқу-өндірістік шеберханасына экскурсия жасалды, отырыс қорытындыланып, ұсыныстар енгізілді.