«WorldSkills Karaganda -2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
2023 жылдың 19 сәуірінде Қарағанды тамақтану және сервис колледжібазасында 4 құзырет бойынша байқауының сынақтары басталды.
"Мейрамхана сервисі" құзыреттілігі бойынша сайыскерлер "Бистро-сервис" жән кофе дайындау модулінің тапсырмаларын орындады. "Аспаздық іс" құзыреттілігі бойынша сайыскерлер теңіз өнімдерінен салқын тағамдар мен балық тағамдарын дайындады. "Кондитерлік іс" құзыреттілігі бойынша сайыскерлер меренг десертін дайындады. "Наубайхана ісі" құзыреті бойынша "Штоллен" -дәстүрлі неміс кондитерлік өнімін дайындады.