Размер шрифта:
«Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ базасында өткен «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
20-04-2023 11:53
«Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ базасында өткен «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 20 сәуірінде Қарағанды көлік-технологиялық колледжінің базасында «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Шанақ жөндеу», «Автокөлік бояу» құзыреттері бойынша байқау тапсырмаларын орындаудың үшіншікүні өтті.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар келесі модульдер бойынша байқау тапсырмаларын орындады:

«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету» құзыреті:

А модулі – «Контактілі тұтану жүйесі»;

В модулі – «Электрондық жүйелер»;

С модулі – «Қорапты бұзып-жинау».

«Шанақ жөндеу» құзыреті:

А модулі – «Шанақ геометриясының диагностикасы»;

D модулі – «Пластикалық корпус элементтерін жөндеу»;

Е модулі – «Алынбалы-топсалы корпус элементтерін бөлшектеу және орнату»;

«Автокөлік бояу» құзыреті:

В модулі - «Ылғалға дымқыл» әдісі арқылы қанатты бояу».

Барлық қатысушылар модульдер бойынша тапсырмаларды орындады. Байқау соңында жұмыстар сарапшылар тарапынан бағаланды.

«Жеңіл автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Шанақ жөндеу» және «Автокөлік бояу» құзыреттері бүгінгі күнгі модульдер бойынша өз жұмыстарын аяқтады.