«WorldSkills Karaganda -2023» өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
2023 жылдың 20 сәуірінде Қарағанды тамақтану және сервис колледжі базасында 4 құзыреттілік бойынша чемпионаттың екінші күннің жұмыстары басталды.
«Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша қатысушылар «Мейрамхана» модулі бойынша тапсырмаларды орындады. «Аспаздық» құзіреттілігі бойынша қатысушылар сорпа-пюре және ет тағамын дайындады. Қатысушылар «Кондитерлік» мамандығы бойынша мусс торттарын пісірсе, «Нан пісіру бизнесі» құзыреттілігіне сәйкес қатысушылар круассандар мен қара бидай нандарын дайындады.
Сондай-ақ, колледж базасында Қарағанды облысының білім басқармасы «Талап» ҰАО өкілдерінің қатысуымен өткізген азық-түлік саласындағы жұмыс берушілердің облыстық форумына қатысушылар конкурс алаңдарын аралап шықты.