Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы
20-04-2023 13:12
«WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының ашылуы

      2022 жылдың 20 сәуірінде Теміртау кәсіптік-техникалық колледжінің МСЭК базасында «Қонақ үй қабылдаушысы» құзыреті бойынша WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Облыс біріншілігінің бірінші күні қатысушыларға лотерея ойнатылып, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша брифинг, жарыс өтетін орындарға экскурсия, сарапшылар жиналысы, 4 модуль бойынша жұмыс жүргізілді.

Байқау тапсырмаларын бастамас бұрын қатысушылар өздерін таныстырып, сол арқылы басқа қатысушылармен танысып, өздерінің шешендік, шығармашылық және басқа да қабілеттерін көрсетті. Одан әрі қатысушылар 4 модуль бойынша жұмыс орындады, олар туристік қызмет көрсету дағдыларын көрсетті: қонақүйді брондау, клиенттерді тіркеу және шығару, кассалық операциялар, төтенше жағдайларды шешу. Бұл құзыретте – 3 қатысушы: «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» МКҚК 2 студенті және «Академик Қ.А.Сағынов атындағы колледж-мектеп» ММ 1 студенті қатысуда.