Размер шрифта:
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ
19-04-2023 14:51
ТУҒАН ӨЛКЕ СЫРЛАРЫ

      2023 жылғы 19-сәуірде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Туған өлке сырлары» облыстық жобасы аясында ZOOM платформасында онлайн режимде «Ұлттық тарихтың кеңістігі мен уақыты» тақырыбында вебинар өткізді. Бұқар жырау ауданы Көкпекті жалпы білім беретін мектебінің педагогтары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Бұқар жырау-бақ мекенім», «Туған өлкемнің киелі жерлері» тақырыптары  барысында қойны қазыналы, үсті жазиралы құнарлы даланың бөлінбес бір бөлшегі - кезінде Асан Қайғы ат шалдырып, Бұқар абыз толғатқан, қазақтың бағына ел бастаған көсемдер туған Бұқар жырау ауданының тарихын тарқатып, шежірелі өлкенің киелі жерлері туралы маңызды материалдармен бөлісті. Зерттеу жұмысының әртүрлі формалары мен әдістері ұсынылды.

 «Туған өлкемнің танымал тұлғасы» тақырыптарын зерттеу барысындағы атақты Бұқар жырау Қалқаманұлы мен Ұлы Отан соғысының ардагері Шақар Төлеубайұлы Көшкімбаевтың өмір жолдары мен шығармашылығы, ерен ерліктері туралы жаңа тың деректер жинақталған жұмыстарымен бөлісті.

Барлығы 100 адам қамтылды.