Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша семинар-практикум
20-04-2023 16:25
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған  білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі  бойынша семинар-практикум

      2023 жылдың 20 сәуірінде  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес аудандық/ қалалық білім бөлімінің әдіскерлеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі бойынша семинар-практикум өткізілді.

Оқу сауаттылығы бойынша тест тапсырмаларын әзірлеу жолдары, жалпы тапсырмалар мазмұны жайлы, тілдің прагматикалық қызметінің әлеуметтік қатынастарын меңгеру, яғни мәтінмен жұмыс барысында ескерілетін тақырыптар жайында Шахтинск қаласы білім бөлімінің «Е.Бөкетов атындағы ЖББМ» КММмұғалімі Жумагулова Жулдыз Кабиденовна; Бұқар жырау ауданы «Байқадам ЖББМ»  КММ мұғалімі Нургалиева Лаура Айгалиевна теория мен практикалық бағытта өз тәжірибелерімен бөлісті.

Шараға облыстың 100-ге жуық педагогтері қатысты.