Размер шрифта:
«WorldSkills Karaganda-2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты
21-04-2023 16:56
«WorldSkills Karaganda-2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 21 сәуірінде «Қарағанды ​​машина жасау колледжінің» базасында «Бағдарламалық басқарылатын  станоктардағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» облыстық кәсіби шеберлік  чемпионатының қорытынды күні өтті.

Келесі номинациялар бойынша 2 қатысушы бақ сынады:

1-модуль  – «Станокты баптау»;

2-модуль – «Бағдарламадағы жобалау жұмыстары»;

3-модуль – «Берілген бағдарлама бойынша станокта жұмысты орындау».

Чемпионаттың үш күнінің қорытындысы бойынша сарапшы-компатриоттар орындалған сайыс тапсырмаларына баға берді.

«Бағдарламалық басқарылатын  станоктарда токарлық жұмыстар» құзыреті бойынша « WorldSkills-Karaganda-2024»  чемпионатының бас сарапшысы және бас сарапшының орынбасарына үміткерлерді іріктеу мақсатында  компатриоттар жиыны өтті.

Сондай-ақ жиында өткен чемпионаттың қорытындысы шығарылып, келесі чемпионатқа арналған жарыс тапсырмаларының форматы талқыланды.

Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.