Размер шрифта:
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2023» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ КОНКУРСТЫҚ КҮНІ
21-04-2023 16:45
«WORLDSKILLS KARAGANDA-2023» ӨҢІРЛІК ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ  ЕКІНШІ КОНКУРСТЫҚ КҮНІ

      2023 жылғы 21 сәуірде  «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі»  КМҚК базасында «Web-дизайн және әзірлеу», «прототиптеу», «CAD инженерлік графикасы», «Фотография», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының екінші конкурстық күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді. Жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды. В модулі бойынша «CAD инженерлік графикасы», «Прототиптеу», «Фотосурет» және «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзіреттіліктері жұмысын  аяқтады.

«Web-дизайн және әзірлеу»  құзыреттілігі бойынша C және D модулдерінің жұмысы аяқталды, күннің соңына қарай бағалау жүргізілді, сондай-ақ CIS жүйесіне бағалау енгізілді. Чемпионат жалғасуда.

Сонымен қатар, осы күні колледж базасында облыстық Жұмыс берушілер форумы өткізілді.