WorldSkills-2023 аймақтық чемпионатының соңғы күні «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыты бойынша
2023 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды тамақтандыру және сервис колледжі базасында «Наубайхана ісі», «Аспаздық іс», «Мейрамхана қызметі» құзыреттері бойынша қорытынды күн болды. Үшінші сайыс күні аясында тапсырмалар орындалды.
Чемпионат соңында барлық құзыреттер бойынша: модульдер бойынша бағалау, келесі облыстық чемпионатқа бас сарапшы мен орынбасарын сайлау және қатысушыларға сертификаттар тапсыру өткізілді.