Бірінші кезең (сыртқы) 2015 жылдың 15 қарашасында өтті. Бірінші айналымда мұғалімдердің сабақ жоспарлары мен зерттемелері бағаланды.
Екінші айналымда байқауға қатысушылар өздері таңдалған сыныпта сабақ жүргізді. Сабақ соңында сабақтың қысқаша талдауын ұсынды.
Байқауға облыс аймақтарының математика мұғалімдерінен барлығы 63 өтінім келіп түсті. Бірінші кезеңнің конкурстық іріктеуінен 17 мұғалім өтті, екінші кезеңнің нәтижесі бойынша 7 үздік сабақ іріктелді.
Байқаудың екінші кезеңінің қатысушылары материалды меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті, көптеген әдістемелік идеялар, сабақтар мен оқушыларға қызықты амал-тәсілдер ұсынылды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша жоғары нәтиже көрсеткен математика пәнінен екінші кезеңнің жеңімпаздары:
Жакупбекова Гулсим Мухамедияновна, Жезқазғанқаласы;
Биғожина Лаззат Ертышевна, Туткушева Бағдат Төлегеновна, Шетауданы;
Арунова Аманкүл Хашауовна, Жаңаарқа ауданы;
Мейрамова Лиза Мейрамовна, Теміртауқаласы;
Денисюк Светлана Николаевна,Сәтбаевқаласы;
Царик Лариса Николаевна, Сәтбаевқаласы;
Разуваева Евгения Михайловна, Теміртауқаласы.
Байқаудың үшінші кезеңін өткізу 4 тоқсанның бірінші аптасына жоспарланып отыр (2016 жылдың 4 сәуірінен 9 сәуіріне дейін). Бұл кезең барысында мұғалімдерге өзінің білім беру ұйымында, өз сыныптарында сабақ жүргізу ұсынылады.