Размер шрифта:
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКА-ҚҰРЫЛЫС КОЛЛЕДЖІНДЕ «WORLDSKILLS KARAGANDA-2023» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТӨРТІНШІ САЙЫС КҮНІ
21-04-2023 16:56
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКА-ҚҰРЫЛЫС  КОЛЛЕДЖІНДЕ «WORLDSKILLS KARAGANDA-2023» АЙМАҚТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ТӨРТІНШІ САЙЫС КҮНІ

      2023 жылдың 21 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Сырлау және декоративті  жұмыстар», «Плиткамен қаптау», «Кірпіш қалау», «Сантехника және жылыту», «Электрмонтаждық жұмыстар», «Визуалды мерчендайзинг және витринистика» құзыреттері бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының төртінші сайыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Әр құзыреттілік конкурсанттары бағдарламаға сәйкес модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің соңына қарай жоғарыда көрсетілген барлық құзыреттіліктер бойынша конкурстың қорытындысы шығарылды: бағалау жүргізілді, бағалар толтырылды және қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Сонымен қатар, осы күні колледж базасында облыстық жұмыс берушілер форумы өткізілді.

Чемпионат жалғасуда,  24 сәуірден бастап «Жиһаз өндірісі» құзыреттілігі бойынша жарыс басталады.