«WorldSkills Karaganda-2023» облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты
24-04-2023 17:46
 «WorldSkills Karaganda-2023»  облыстық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың  24 сәуірінде Қарағанды  тау - кен индустриалдық колледжі базасында  "Дәнекерлеу технологиялары" құзыреттілігі бойынша «WorldSkills  Karaganda -2023»  өңірлік чемпионатының ашылуы өтті.

          Чемпионатқа 9 колледжден 9 студент қатысады: "Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжі" КММ, "ҚР Халық қаһарманы Р.Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі" КММ, " Қарағанды агротехникалық колледжі " КМҚК, " Қарағанды машина жасау колледжі " КМҚК,  "Қарағанды техникалық-құрылыс колледжі" КМҚК, "Қарағанды көлік- технологиялық колледжі" КМҚК,  Мыңжасар Әдекенов атындағы "Қарқаралы ауыл шаруашылық колледжі" КМҚК", " Теміртау техникалық колледжі " КММ,  "Қазақмыс" Корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ.

          Бағдарлама бойынша қатысушылар  арасында жеребе тарту, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша нұсқама беру, қатысушыларды конкурстық тапсырмамен және нормативтік құжаттамамен таныстыру, сарапшылар арасында тестілеу, "toolbox"тексеру жүргізілді.

          Бас сарапшы - Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы,  өндірістік оқыту шебері Ержан Турсунович Смойлов бағалау критерийлері мен ережелерін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

          Бірінші конкурс күні «Бақылау-тест үлгілері» модулі бойынша 9 қатысушы сайысқа түсті.

Күннің соңында «Бақылау-тест үлгілері» модулі бойынша қорытындылары шығарылып, бағалау нәтижелері CIS базасына енгізілді.