Размер шрифта:
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионаты
24-04-2023 16:52
WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионаты

      2023 жылдың 24 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінің базасында «Жиһаз өндірісі» құзыреттілігі бойынша WorldSkills Karaganda-2023 аймақтық чемпионатының жарыстары басталды.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар арасында жеребе тарту мен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама беру, тулбокстарды талдау, жұмыс орындарын қабылдау актісін жасау, жұмыс орнын дайындау, құзыреттер бойынша сарапшылар кеңесі өткізілді.