«Worldskills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының өткізілуі туралы
24-04-2023 07:39
«Worldskills Karaganda-2023»  өңірлік чемпионатының өткізілуі туралы

      2023 жылғы 24 сәуірде Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжінің базасында «Шаштараз өнері», «Графикалық дизайн» құзыреттіліктері бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының салтанатты ашылуы өтті.

Облыстың 13 колледжінен 17 қатысушы, «Графикалық дизайн» құзыреті бойынша 10 қатысушы, «Шаштараз өнері» құзыреті бойынша 7 студент қатысады.

Бағдарламаға сәйкес «Шаштараз өнері» құзыреттілігі бойынша чемпионат қатысушылары  «Канекалонмен тақырыптық шаш үлгісі» А модулі және «Фото бойынша шаш қию және бояу»  Б модулі бойынша конкурстық тапсырмалар орындады. «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша чемпионатқа қатысушылар 1 - модуль тапсырмаларын орындады. 

Сарапшылар чемпионатқа қатысушылардыңорындалған жұмыстарына баға берді.