"WorldSkills Karaganda-2023"өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
![](/media/img/blogs/6447a2ffb93a8.jpg)
2023 жылдың 25 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Жиһаз өндірісі» құзыреті бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының екінші сайыс күні өтті.
Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.
Конкурсанттар бағдарламаға сәйкес 1-модуль бойынша тапсырмаларды орындады.
Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.