Размер шрифта:
«Балалар және климат» тақырыбында облыстық экологиялық ғылыми-тәжірибелік конференция
22-04-2023 08:41
«Балалар және климат» тақырыбында облыстық экологиялық ғылыми-тәжірибелік конференция

      2023 жылдың 22 сәуірінде Экологиялық сауаттылық апталығы аясында Теміртау қаласының «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Дүниежүзілік Жер күніне арналған «Балалар және климат» тақырыбында облыстық экологиялық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған іс-шара Қарағанды ​​облысы білім басқармасының, Теміртау қаласыәкімдігінің,«АрселорМиттал Теміртау» АҚ қолдауымен өткізілді.

Конференцияда Қарағанды ​​облысының мұғалімдері мен оқушыларының экологиялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. Конференция қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.