Размер шрифта:
«Worldskills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты
26-04-2023 10:02
 «Worldskills Karaganda-2023» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты

      2023 жылдың 26 сәуірінде Қарағанды техника-құрылыс колледжінде «Жиһаз өндірісі» құзыреті бойынша «WorldSkills Karaganda-2023» аймақтық чемпионатының екінші сайыс күні өтті.

Чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орнын дайындау ұйымдастырылды.

Конкурсанттар бағдарламаға сәйкес № 2,3 - модульдер бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің қорытындысы бойынша сарапшылар критерийлерге сәйкес конкурстық тапсырманы бағалауды жүргізді.