Размер шрифта:
"WorldSkills Karaganda-2023"өңірлік кәсіби шеберлік чемпионаты
27-04-2023 16:06

      2023 жылдың 27 сәуірінде  «Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі» ЖММ базасында «Мобильді робототехника» құзіреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының  екінші байқау күні  өтті.

 Конкурсанттар бағдарламаға сәйкес F1- «Дербес күй» және Е1 – «Телебасқару» модульдері бойынша тапсырмаларды орындады.

Күннің соңында компатриот-сарапшылардың орындалған тапсырма үшін бағалары қойылып, CIS-ке бағалау нәтижелері енгізілді.