Размер шрифта:
"Дәнекерлеу технологиялары" құзыреттілігі бойынша «Worldskills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының жабылуы туралы
27-04-2023 17:11

      2023 жылдың 27 сәуірінде Қарағанды тау-кен индустриалдық колледжінің базасында  "Дәнекерлеу технологиялары" құзыреттілігі бойынша төртінші конкурстық күні өтті.

Қатысушылар №3 модуль «Алюминий конструкциясы»  және №4 модуль «Тот баспайтын болаттан жасалған конструкция» бойынша тапсырмаларды орындады.

«Дәнекерлеу технологиялары» құзыреті бойынша «WorldSkills-Karaganda-2024» бас сарапшысы және бас сарапшының орынбасары лауазымына үміткерлерді іріктеу мақсатында  сарапшылар жиналысы өтті.

Төртінші конкурстық күннің соңында компатриот-сарапшылардың орындалған тапсырма үшін бағалары қойылып, CIS-ке бағалау нәтижелері енгізілді.

Соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.