«Шаштараз өнері», «Графикалық дизайн» құзыреттері бойынша «Worldskills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының жабылуы туралы
27-04-2023 16:14
«Шаштараз өнері», «Графикалық дизайн» құзыреттері бойынша «Worldskills Karaganda-2023» өңірлік чемпионатының жабылуы  туралы

      2023 жылдың  26 - 27 сәуірінде «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі»КМҚК базасында «WorldSkills Karaganda-2023»өңірлік чемпионатының «Шаштараз өнері», «Графикалық дизайн» құзыреттері бойынша кезекті  конкурстық күндерөтті.

    Бұл күндері чемпионаттың барлық қатысушыларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық өткізілді, жұмыс орныныңдайындауыұйымдастырылды.

«Шаштараз  өнері» құзыреттілігі бойынша «Е» және «F» модульдерінің жұмысы аяқталды.

«Графикалық  дизайн» құзыреттілігі бойынша 3 -  модулінің жұмысы аяқталды.

Күннің соңына қарай конкурстың қорытындысы шығарылды, бағалау жүргізілді, бағалар толтырылды және чемпионатқа қатысушыларға сертификаттар табысталды.